✕
Album:
"Stranger" concert in New York 05/10/2025
Самғау (Samgau / Samğau) [Soar]
Өмірімде өрнегі қалған,
Өнерім менің қол бұлғайды тек алдан.
Қыраның болып көкке самғаймын,
Әнімді елге арнаймын
Әуелетіп, шырқап алдан.
Самалың бар сарқылмас керім,
Толқынымен сыр шертер шалқар көлім.
Құдіретіңе әркез қайранмын,
Қасиеттім, айналдым,
Туған елім, туған жерім.
Әніммен, елім, самғап келемін
Әлемге құшақ ашып.
Менің арманым,
Тұрсын таңдарың нұр шашып.
Әніммен, елім, самғап келемін
Тыныштық бар тілегім.
Бейбіт аспанға,
Биік асқарға
Самғаймын.
Мені аялаған, саялаған дархан дала елім,
Құдірет пен келбетіңді сүйемін, елім.
Жай ғана тыныштықтың символына айналып та үлгердің, үлгердің.
Өмірде үлкен айта берсем мүмкіндіктерің жетеді.
Ертеңгі мәңгі емес,
Ол да бір күні кетеді.
Қиындыққа мойымаңдар,
Ұмтылыңдар әрқашанда,
Тек алға, тек алға!
Әніммен, елім, самғап келемін
Әлемге құшақ ашып.
Менің арманым,
Тұрсын таңдарың нұр шашып.
Әніммен, елім, самғап келемін
Тыныштық бар тілегім.
Бейбіт аспанға,
Биік асқарға
Самғаймын.
Give a shoutout to Jaksits Ilona
Submitter's comments:
Music: Dimash Qudaibergen
Lyrics: Zharaskan Nurbay (Жарасқан Нұрбай)
The premiere of the song was at Dimash's STRANGER concert in New York on 05/10/2025.
It's a fancam video.
Video will be replaced when official MV will be released.
✕








