Taylor Swift

Enchanted

Taylor Swift
traduzione in Kazako icon 42 traduzioni icon 42
icon
Interpretato anche da:
Alicia Sky Anne Lam +11 altro
Album:
Speak Now (2010)
Testi originali
Inglese
Traduzione
Kazako

Enchanted

Ғажап

Бүгінгі кеште де болдым
Тағы да жасанды күлкі, өтірік жымию
Сол баяғы бөтен жер
 
Бірақ сенің жүзіңді көргенде
Жалғандық, алаңғасарлық, шарасыздық
Бәрі жоғалды
 
Енді саған бар айтарым: сені кездестіргенім ғажап болды
 
Сенің жанарың «біз кездесіп пе едік?» деп сыбырлайды
Бөлменің арғы жағындағы бейнең
Маған қарай жүріп бастады
 
Көңілді әңгіме басталады
Құпия хат алмасқандай
Сенің әр сөзіңді байқаймын
 
Сені кездестіру ғажап болды
Енді саған бар айтарым: сені кездестіргенім ғажап болды
 
Бүгінгі кеш жарқырап тұр, оны аяқтай көрмеші
Мен таңырқап, үйге дейін қызарып келемін
Енді менің мәңгі қойып өтер сұрағым: мен үшін
Сені кездестіру ғажап болғанын білдің бе
 
Бір сұрақ мені түңгі 2-ге дейін ұйықтатпады
Сенің сүйгенің кім?
Оянғанша ойымнан кетпеді
 
Енді үй ішінде арлы-бері жүрмін
Есігіме сен келсең, мен оны ашсам,
Сен маған "сәлем" десең
 
Сені кездестіру ғажап болды
Енді бар білерім: сені кездестіргенім ғажап болды
 
Бүгінгі кеш жарқырап тұр, оны аяқтай көрмеші
Мен таңырқап, үйге дейін қызарып келемін
Енді менің мәңгі қойып өтер сұрағым...
Бүгінгі кеш мінсіз, оны аяқтай көрмеші
Мен таңырқап, үйге дейін қызарып келемін
Енді менің мәңгі қойып өтер сұрағым: мен үшін
Сені кездестіру ғажап болғанын білдің бе
 
Бұл ертегінің соңы емес
Тек бірінші беті болса екен деп
Жалынамын
Сені қайта көргенше
Ойымнан сен кетпедің
Ерте кетіп бара жатқанда
Айта алмаған сөздерім осы еді
Сені кездестіру ғажап болды
 
Өтінемін, басқа біреуді сүймеші
Өтінемін, сені күткен адамың болмасыншы
Өтінемін, басқа біреуді сүймеші
Өтінемін, сені күткен адамың болмасыншы
 
Бүгінгі кеш жарқырап тұр, оны аяқтай көрмеші
Мен таңырқап, үйге дейін қызарып келемін
Енді менің мәңгі қойып өтер сұрағым...
Бүгінгі кеш мінсіз, оны аяқтай көрмеші
Мен таңырқап, үйге дейін қызарып келемін
Енді менің мәңгі қойып өтер сұрағым: мен үшін
Сені кездестіру ғажап болғанын білдің бе
 
Өтінемін, басқа біреуді сүймеші
Өтінемін, сені күткен адамың болмасыншы
 
expand collapse Translation details
Clog Mag Clog Mag
submitted on 21 Mar 2022 - 15:08
Give a shoutout to Clog Mag
Riproduci il video con i sottotitoli